Кісі өлімі де бар.
Екі күннің ішінде денсаулық сақтау мекемелеріне Бішкектегі тәртіпсіздіктерден зардап шеккен 768 пациент келіп түсті, деп хабарлады paryz.kz, КАБАР агенттігіне сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің деректері бойынша, бір адам қайтыс болып, 218 пациент ауруханаға жеткізілді, 7 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Сондай-ақ, 550 адам амбулаторлық ем қабылдауда.
"Қазіргі кезде денсаулық сақтау мекемелерінде тиісті медициналық көмек көрсетілуде, дәрігерлік кеңестер және дәрімен қамтамасыз ету ұйымдастырылған", - деп мәлімдеді агенттікке.