Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Ауғанстан президентінің елінен қалай қашқаны белгілі болды

Мұхаммед Зохир Агбардың айтуынша, Ғани қазынадан шамамен 160 миллион доллар ұрлаған. 

Ауғанстан президентінің елінен қалай қашқаны белгілі болды
фото: Reuters

Ауғанстанның Тәжікстандағы елшісі Мухаммад Зохир Агбар бұрынғы президент Ашраф Ғанидің қашуының егжей-тегжейін айтып берді. Оның айтуынша, экс-президент елден қашқан күні Үкіметпен кеңес өткізуі керек болатын. Бірақ шенеуніктер оны күтіп жатқанда, ол отбасымен бірге Кабулдан ұшып кеткен деп хабарлайды Paryz.kz, РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Агбар айтуынша, Қорғаныс министрлігіне Ашраф Ғанидың кеңесшісі қоңырау шалып, жиналысқа сағат 16.00-де келетінін айтты. Бірақ дәл осы уақытта Ғани мен оның жақындары бар үш ұшақ Ауғанстаннан кетті.

Оның айтуынша, Ғанидің опасыздығына байланысты «Талибан» қозғалысы елдегі билікті оңай басып алды: олар үкіметтен адал шенеуніктерді алып тастап, олардың орнына тәжірибесіз кадрларды қойды.

Бұған дейін Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Кабулдан ақшамен толтырылған көліктермен бірге қашып кеткені туралы хабарланған болатын. Мұхаммед Зохир Агбардың айтуынша, Ғани қазынадан шамамен 160 миллион доллар ұрлаған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Ғани отбасымен бірге БАӘ-де орналасқан