Алайда сарапшылар коронавирустың жаңа түрі адамдарға жарғанаттан басқа жануарлар арқылы жұққан деген нұсқадан бас тартқан жоқ.
Коронавирус Уханьға мұздатылған өнімдер арқылы жеткен болуы мүмкін. Бұл туралы РИА Новости Қытайдың Global Times газетіне сілтеме жасап жазды.
Қытай 2020 жылдың сәуірінде вирустың таралуын біршама тежеп тұрған шақта, жазда коронавирус Бейжің мен Далянда эпизодтық сипатта тарала бастады. Осылайша біз эпидемиологиялық зерттеу жүргізіп, вирус мұздатылған өнімдерді тасымалдау жолы арқылы басқа өңірден немесе елден келгенін растадық, - дейді Қытайдың Ауруларды бақылау және профилактика орталығының төрағасы Ма Хуэйлай.
Sputnik Қазақстан-ның хабарлауынша, Уханьға барған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері де осы тектес тұжырымға келді. Олар наурызда жариялаған өз баяндамаларында вирус салқындатылған өнімдер арқылы таралған болуы мүмкін деп болжаған еді.
Алайда сарапшылар коронавирустың жаңа түрі адамдарға жарғанаттан басқа жануарлар арқылы жұққан деген нұсқадан бас тартқан жоқ. Ал вирус зертханадан әдейі шығарылғаны жайлы әңгіме шындыққа жанаспайды дейд мамандар.