Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Беларусь билігі Журналистер қауымдастығын жауып тастады

Әділет министрлігі маусым айында журналистер қауымдастығына тексеру жүргізген. Сол кезде анықталған кейбір заң талаптарын бұзу жайттары түзетілмегені ұйымды таратуға сылтау болған.

Беларусь билігі Журналистер қауымдастығын жауып тастады
фото: дереккөз

Беларусь билігі елдегі ең ірі тәуелсіз журналистер ұйымын жабуды бұйырды. Беларусь журналистер қауымдастығын тарату туралы жарлық 27 тамызда жаряланды. Ол елдің Жоғарғы соты Әділет министрлігінің сұрауын қанағаттандырғаннан кейін мәлім болды деп хабарлайды Orda.kz.

Әділет министрлігі маусым айында журналистер қауымдастығына тексеру жүргізген. Сол кезде анықталған кейбір заң талаптарын бұзу жайттары түзетілмегені ұйымды таратуға сылтау болған. Нақтырақ айтсақ, қауымдастықтың алты филиалының екеуінің жалға алу келісімшарты аяқталған. Қауымдастық болса мұны жоққа шығарады. Олар шілдеде құрал-жабдығы тәркіленіп, кеңсесі тінтіліп, мөрленіп, жауып тастағандықтан сөздерін растайтын құжат ұсына алмаған.

Дегенмен Беларусь жуналистер қауымдастығының басшысы Андрей Бастунец ұйым жұмысын жалғастыра беретінін мәлімдеді. Бастунец ширек ғасырдан астам уақыт бойы журналистер ұйымының миссиясы сөз бостандығы кеңістігінің кеңейту болғанын жеткізді.

1997 жылдан бастап Беларусь журналистер қауымдастығы сөз бостандығы мен БАҚ құқықтарының бұзылуын бақылаумен айналысады. Ұйым тілшілері Беларусь елі бойынша әр аймақта БАҚ ахуалы жөнінде ақпарат жинаумен айналысады.

2021 жылғы баспасөз бостандығы индексінде бұл ел  180 мемлекеттің ішінде 158-орында тұр.