Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Дельфиндер теңізде 12 сағат бойы қалқып жүрген ер адамды құтқарып қалды

Ерікті құтқарушы Джеки Мерфи тастай суда ұзақ уақыт болған ер адамның аман қалуын ғажайып жағдай деп атады. 

Дельфиндер теңізде 12 сағат бойы қалқып жүрген ер адамды құтқарып қалды
фото: ашық дереккөз

Ирландияның Трали шығанағында дельфиндер 12 сағат бойы теңіздің тастай суында қалқып жүрген ер адамды құтқарып қалды деп хабарлайды Daily Mail.

Белгілі болғандай, ер адам 8 шақырым қашықтықты жалғыз өзі жүзіп өтпек болған. Алайда қашықтықты еңсеруге шамасы жетпей, теңізде 12 сағат бойы қалқып жүрген. Мұны байқаған дельфиндер ер адамға көмекке келіп, оның айналасында топтасып жүзе бастаған.

Жағалау күзетінің қызметкерлері жағалаудан ер адамның заттарын таба салысымен, бұл туралы құтқарушыларға хабарлаған. Құтқарушылар қайықпен және тікұшақпен жоғалған адамды іздеуге кіріскен. Нәтижесінде 12 сағаттан кейін теңізден төрт шақырым жерде құтқарушылар бір топ дельфиннің жүзіп жүргенін байқайды.

Құтқару кемесінің капитаны О'Коннелл теңіз жануарлары ирландиялықтың азаматтың айналасында топтасып жүзу арқылы оны қорғауға тырысқан деп санайды. Ол құтқарушылар ер адамды дельфиндердің арқасында байқағанын жасырмады. Олар ер адамды судан шығарып, оған жедел жәрдем дәрігерлері көмек көрсеткен. Ер адам әбден ашығып, әлсіреп, тоңып қалған. Ол дереу ауруханаға жеткізілген. Құтқарушылар тобы дельфиндер болмағанда, ер адамды дер кезінде тауып, құтқару екіталай еді деген пікірде.

Ерікті құтқарушы Джеки Мерфи тастай суда ұзақ уақыт болған ер адамның аман қалуын ғажайып жағдай деп атады.