Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қырғыз елінде билік пен бұқара тағы бір ашық қақтығысқа түсті

Қас қарайғанша қарсылық танытқан көпшілік, тіпті, Парламентті басып алуға да талпынып көрді.

Қырғыз елінде билік пен бұқара тағы бір ашық қақтығысқа түсті

Бүгін Қырғыз елінде Парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген 4 мыңдай халық наразылыққа шықты, деп хабарлады paryz.kz, БАҚ ақпараттарын негізге ала отырып.

Сонымен, бұл қарсылық акциясына тиісті 7% дауыстың өзін «жинай алмаған» партия жақтастары шыққан. Олар билікке өз талаптарын Бішкектегі «Алатау» орталық алаңында тұрып жеткізді.

Қас қарайғанша қарсылық танытқан көпшілік, тіпті, билік бишігінің астын үстіне келтіретін әдетпен Парламентті басып алуға да талпынып көрген. Сақшылар оларды кейін шегінтпек болғанда, наразы топ жан-жақтан пытырлатып тас жаудыра бастайды. Оған қарсы жауап ретінде шенеуніктер жағындағы шенділер көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқты дүркін-дүркін ысылдатып жіберген.

Оқ атты екен деп ыға қоятын қырғыз – қырғыз ба тегі, қос тарап қақтығысы одан сайын ушығып, қазір ел астанасының орталығында дүбірге дүрмек қосушылар көбейіпті. Арты немен тынары әзірге белгісіз.