Тәліптер Ауғанстанның Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр (ВИДЕО)

Видеодан олардың Ауғанстанның туымен көшеге жаппай шыққанын аңғаруға болады.

Тәліптер Ауғанстанның Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр (ВИДЕО)
фото: aa.com.tr

Тәліптер Ауғанстанның тәуелсіздік мерекесін тойлап, "әлемнің азулы державасын" жеңгенін мәлімдеді деп хабарлады Paryz.kz, Al Jazeera-ға сілтеме жасап.

Бақытымызға орай, бүгін Ұлыбританиядан азаттық алған күнімізді атап өтудеміз. Сонымен қатар, джихадқа қарсы тұруымыздың нәтижесінде әлемнің басқа азулы державасын,яғни, Америка Құрама Штаттарын Ауғанстанның қасиетті аумағынан шегінуге мәжбүр еттік" - дейді тәліптер.

Әлеуметтік желілерде ауғандықтардың бұл мерекені қалай атап өтіп жатқаны туралы кадрлар да тарады. Видеодан олардың Ауғанстанның туымен көшеге жаппай шыққанын аңғаруға болады.

Айта кетейік, 1919 жылдың 19 тамызынан бері Ауғанстан тәуелсіздік күнін атап өтеді. Дәл осы күні елдегі британиялық биліктің күші жойылғаны туралы келісімшартқа қол қойылды.

Еске сала кетейік, 15 тамыз күні "Талибан" Ауғанстан астанасы Кабулды ұрыссыз бағындырды.