Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

«Барселонаның» жаңа шабуылшысы Мессидің нөмірінен бас тартты

Marca-ның мәліметі бойынша, Серхио 19-нөмірді алатын болды

«Барселонаның» жаңа шабуылшысы Мессидің нөмірінен бас тартты
фото: AFP

«Барселонаның» жаңа шабуылшысы аргентиналық Серхио Агуэро Лионель Мессидің 10-нөмірімен ойнаудан бас тартты деп хабарлайды Paryz.kz, aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Marca-ның мәліметі бойынша, Серхио 19-нөмірді алатын болды.

Негізі, «Барселона» Мессиге құрмет ретінде 10-нөмірді мүлде алып тастамақ болған. Алайда Примера ережелері бұған рұқсат бермеді.  Агуэро «Манчестер Ситиден» еркін агент ретінде «Барселонаға» шілде айында қосылды. Дегенмен ол жарақатына байланысты маусым басында алаңға шыға алмайды.