Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Еуроодақ тәліптерді заңды билік деп мойындаудан бас тартты

Сонымен қатар БҰҰ да тәліптердің беріп жатқан уәделеріне сене бермейтінін білдірді.

Еуроодақ тәліптерді заңды билік деп мойындаудан бас тартты
фото: ашық дереккөз

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Хосеп Боррелл "тәліптермен келіссөздер жүргізуге тура келеді", өйткені олар "соғыста жеңіске жетті" деген мәлімдеме жасады деп хабарлайды Paryz.kzDW басылымына сілтеме жасап.

Бірақ Боррелл бұл Брюссельдің тәліптерді Ауғанстан билігі ретінде ресми түрде мойындайтынын білдірмейді деп атап өтті. Оның сөзінше, Талибанға қатысты жағдайдың біржақты шешілуін күту керек.

Сонымен қатар БҰҰ да тәлібтердің беріп жатқан уәделеріне сене бермейтінін білдірді.

Тәлібтердің өз уәделерін орындауына қатысты жағдайға сол жерге барып, іс жүзінде көз жеткізу керек, - деді БҰҰ-ның ресми өкілі Стефан Дужаррик.

Әзірге белгілісі, Австрия босқындарды қабылдаудан бас тартты. Олар онсыз да осыған дейін Ауғанстаннан 35 мың босқынды қабылдаған. Ұлыбритания алдағы жылдардың ішінде 20 мыңдай босқын қабылдайтынын мәлім етті.