Колумбия тұрғыны лотереядан 14,7 млн доллар ұтып алды

Хабарламада аталмыш азамат лотерея джекпотын ұтқан 102-ші адам екені айтылған. 

Колумбия тұрғыны лотереядан 14,7 млн доллар ұтып алды

Колумбиядағы Кали қаласының тұрғыны лотереядан 56 500 млн песо ұтқан. Бұл - 14 722 092 долларға тең сома. Бұл туралы елдегі лотерея ұйымдастырушы Baloto Revancha компаниясы хабарлады, деп жазды paryz.kz.

"Нар тәуекелге бел буып, үйіне 56 500 млн песо алып кеткен азаматты қол соғып, құттықтап қоялық", - делінген Twitter-де жарияланған хабарламада.

Хабарламада аталмыш азамат лотерея джекпотын ұтқан 102-ші адам екені айтылған.