Zoom онлайн кездесу қызметінің негізін қалаушы Эрик Юань бір күнде 5,2 миллиард доллар тапты. Осылайша, оның дәулеті 22 миллиард долларға жетті, хабарлады azattyq-ruhy.kz
Zoom акциялары 31 тамыз, дүйсенбіде өзінің тоқсандық кірісі туралы есепті жариялағаннан кейін 32 пайызға өсті, ол жылдық көрсеткіштен 355 пайызға өсіп, 664 миллион долларға жетті. Компанияның таза кірісі шамамен, 186 миллион долларды құрады. Zoom тұтынушылар базасы 2019 жылмен салыстырғанда 458 пайызға өсіп, 370,2 мың компанияға жетті.
Zoom коронавирус эпидемиясы кезінде негізгі бенефициарлардың біріне айналды.