Тайфун салдарынан Жапонияда 100-ден астам әуе рейсі тоқтатылды

Елдің оңтүстігінде басталған тайфунның салдарынан Жапонияда  119 ішкі әуе рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды NHK телеарнасы.

Тайфун салдарынан Жапонияда 100-ден астам әуе рейсі тоқтатылды
сурет rbc.ua сайтынан

Ұшу кестесіндегі өзгерістер көбіне Кагосима мен Окинава префектуралары әуежайларына қатысты болып отыр. Бұдан басқа, сұрапыл желден болған ғимарат құрылыстарының опырылуынан кем дегенде сегіз адам жарақат алған.

Телеарнаның мәліметінше, тайфун елдің оңтүстік батыс бөлігіндегі Кюсю аралына жақындап қалды. Осыған байланысты аралда орналасқан Нагасаки префектурасының басшылығы 20 мыңға жуық жергілікті тұрғынды қауіпсіз жерге көшіру туралы өкім шығарды.

 Бұдан басқа, оңтүстік батыстағы Оита префектарурасының 70 мыңға жуық тұрғыны да эвакуацияланады. Оның орталық бөлігіндегі желдің жылдамдығы секундына 45 метрге дейін жетіп отыр.