Екі жолаушылар пойызы соқтығысып қалды

Ондаған адам жарақат алды, жеті адамның жағдайы ауыр. 

Екі жолаушылар пойызы соқтығысып қалды
фото: vesti.ru

Чехияның оңтүстік батысындағы Домаждице қаласының маңында екі жолаушылар пойызы соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша екі адам қаза болды деп хабарлайды Paryz.kz, РИА Новости-ге сілтеме жасап. 

Ондаған адам жарақат алды, жеті адамның жағдайы ауыр. 

Чехия Көлік министрлігінің басшысы Карел Гавличектің айтуынша, пойыз машинисінің қызыл түстен өтіп кеткені соқтығысуға себеп болған.

50-ге жуық адам жарақат алды. Жағдай күрделі. Оқиға орнына бара жатырмын, - деді Гавличек.

Кей мәлімет бойынша, 38 жолаушы жарақат алған. Оқиға орнында жедел қызмет жұмыс істеп жатыр. Үш медициналық тікұшақ, сондай-ақ, полиция әуе кемесі тартылған.

Ол жерде Мюнхен - Прага экспресі (қозғалыс ережелерін бұзған) және Пльзень қаласынан шыққан жергілікті пойыз соқтығысқан.