Ер адам өзін жерлейтін кезде "тіріліп" кетті

Қазір ол ауруханада жатыр.

Ер адам өзін жерлейтін кезде "тіріліп" кетті
фото: ашық дереккөз

Ливанда жерлеу рәсімі кезінде таңғалдырарлық оқиға болды. Қоштасу кезінде көз жұмған ер адам тіріліп кетті деп хабарлайды Paryz.kz, Daily Star басылымына сілтеме жасап. 

Бұл оқиға видеоға түсіп қалған.

Мәйіттің жанында тұрғандар адамның қозғалып жатқанын байқаған. Сол сәтте туыстары мәйітті тексерген. 

Жиналғандар ер адамның қозғалғанын көргеннен кейін өз беттерінше оның жүрегіне жанама массаж жасай отырып, оны өз бетімен қайта тірілтуге тырысады. Артынша ер адамды жедел жәрдем көлігі алып кетеді. Қазір ол ауруханада жатыр.