Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Күрдістан Түркиядағы өрттің шығуына өздері себепші болғанын айтты

Басылым мәліметінше, “От балалары” 1990 жылдан бері орман өртін ұйымдастырып келеді.

Күрдістан Түркиядағы өрттің шығуына өздері себепші болғанын айтты
фото: Фото: twitter\Zaid Hamid

Күрдістанның жұмысшы партиясы мен “От балаларының бастамасы” тобы Түркия аумағын шарпыған өрттің шығуына себепші болғандарын мойындады деп хабарлайды Paryz.kz, Yeni Safak басылымына сілтеме жасап. 

Айта кетсек, “От балаларының бастамасы” тобы –  Түркияда террористік деп танылған Күрдістанның жұмысшы партиясының бір тармағы. Олар орман өртінің тұтануына өздері жауапты екендерін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Ақыры түрік режимі басқа тілді түсінбесе, от қойып, оларды тізерлететін уақыт келді, –деп жазады террористік ұйым. 

Басылым мәліметінше, “От балалары” 1990 жылдан бері орман өртін ұйымдастырып келеді. Осыған ұқсас жағдай өткен жылы да болған. 

Айта кетсек, қазіргі таңда тілсіз жау Анталья, Манавгат, Гюндогмуш, Мугла, Мармарис, Кейджегиз және Милас аудандарында өршіп тұр. Өрт 7 адамның өмірін жалмаған.