Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Талибандар Қытаймен келіссөз жүргізді

Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Талибандарға Бейжің Ауғанстанның территориялық тұтастығын құрметтейтінін айтқан.

Талибандар Қытаймен келіссөз жүргізді
фото: VOA

Талибан радикалды ұйымының жетекшісі Абдул Ғани Барадар Пекинде Қытайдың ресми тұлғаларымен кездесті деп хабарлайды Paryz.kz

Кездесуде саясат, экономика мен екі елдің қауіпсіздігіне байланысты мәселелер, Ауғанстандағы жағдай мен бейбіт процесс талқыланды, – деп жазды Талибандардың ресми өкілі Мұхаммед Наим өзінің Twitter-інде.

Келіссөз Қытайдың Ауғанстанмен шекаралас аймақтарындағы шабуылдың жиілеуі қарсаңында өтті. АҚШ әскери базасын шығарғалы Ауғанстанда Талибандар қозғалысы үстемдік орнатқан.

Еске салсақ, шілденің ортасында Катарда ауған үкіметі мен тәліптер арасында бейбіт келіссөздер жүргізілген. Бірақ одан еш нәтиже шықпады.

Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Талибандарға Бейжің Ауғанстанның территориялық тұтастығын құрметтейтінін айтқан.

Ал Талибан қозғалысының өкілі Наимнің айтуынша, Талибан делегациясы Қытайға Ауғанстанда өзге елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін топтардың шоғырлануына жол бермеуге уәде берген.