"30 секунд": Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне масканы шешуге рұқсат етілді

Бұл кезде жүлдегерлер бұрынғыша әлеуметтік арақашықтықты сақтауы керек болады.

"30 секунд": Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне масканы шешуге рұқсат етілді
фото: AFP

Токиодағы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне Олимпиада ұйымдастырушылары марапаттау рәсімінде суретке түсу кезінде 30 секундқа масканы шешуге рұқсат етті деп хабарлайды Paryz.kz, BaigeNews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің сайтынан мәлім болған. Әнұран біткеннен кейін спортшыларға ең ұзағы 30 секундқа маска шешуге болатыны туралы белгі беріледі. Бұл кезде жүлдегерлер бұрынғыша әлеуметтік арақашықтықты сақтауы керек болады. Бұдан кейін олимпиадашыларға масканы қайта тағу керектігі жөнінде тағы бір белгі беріледі. Сол кезде маска таққан жеңімпаздармен олардың тұғырында суретке түсуге рұқсат етілмек.

Қазақстан әзірге биылғы Олимпиада ойындарында екі қола медаль алды. Елімізге жеңісті дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлетші Игорь Сон әкелді.