Норвегияға ірі метеорит құлап, жер сілкінді (ВИДЕО)

Айнала бірнеше секунд бойына күндізгі жап-жарық болып кеткен.

25 шілдеде Норвегияның оңтүстігіне үлкен метеорит құлады деп хабарлайды zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, метеориттің құлау жылдамдығы секундына 15-20 шақырымды құраған. Оның бөлшектері Ослоның батысына қарай 60 шақырымдағы орманға, қорыққа түсуі мүмкін еді.

RG хабарлауынша, Осло тұрғындары көктен құлдилаған от шарын көргендерін айтты. Айнала бірнеше секунд бойына күндізгі жап-жарық болып кеткен.

Ешқандай қиранды мен жарақат алғандар жоқ.

Норвегиялық метеорологиялық желі аспан денесінің қозғалысын бақылап отырғандықтарын айтты. Метеорит алғаш рет Ослоның солтүстігінде, оңтүстік-батысқа қарай заулап бара жатқанда Нордмарк ауылының үстінен байқалыпты. Содан кейін нысан құлаған.

Құлау кезінде көпшілік жер сілкінісі секілді күшті соққыны сезінгендерін айтқан.