Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Путин Қазақстанмен авиақұрылыс саласындағы байланысты арттырамыз деп құлшынып отыр

Бұл жиын Мәскеу маңындағы Жуковский қаласында екі жылда бір рет өтеді.

Путин Қазақстанмен авиақұрылыс саласындағы байланысты арттырамыз деп құлшынып отыр
фото: aviaforum.ru

Ресей Қазақстан және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге елдермен авиақұрылыс саласындағы байланысты арттыруға ниетті. Бұл туралы он бесінші МАКС авиасалонының ашылуында сөз сөйлеген Ресей президенті Владимир Путин айтты деп хабарлайды Paryz.kz, Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Бұл авиасалонда Ресеймен серіктес ел ретінде Қазақстан болатынын ерекше атап өткім келеді. Біз қазақстандық әріптестермен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге елдермен авиақұрылыс сынды жоғары технологиялық салада әріптестікті нығайтуды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Халықаралық авиағарыш салоны (МАКС) - авиация және ғарыш техникасы және авиақұрылыспен байланысты ғылым мен техника жетістіктерінің көрмесі. Көрме дәстүрі бойынша ұшу аппараттары әуеде қалықтайды деп жазады РИА Новости.

Бұл жиын Мәскеу маңындағы Жуковский қаласында екі жылда бір рет өтеді. Әлемдегі он ірі авиафорум қатарына кіреді.