Лондон полициясы ЕУРО-2020 финалы күні жанкүйерлер тобымен болған қақтығыс кезінде 19 қызметкер жараланғанын хабарлады.
Финалдан кейін құраманың жеңілісіне көңілі толмаған жанкүйерлер Лондон көшелерінде тәртіпсіздіктер жасады деп хабарлайды Paryz.kz.
Италия құрамасымен өткен матчта жеңіліс тапқан Англия құрамасының жанкүйерлері қапаланып, үйлеріне көңілсіз оралды. Біреулер отандастарын құшақтап ренішін басуға тырысса, енді бірі ашуға ерік беріп қоқыс жәшіктерін төңкеріп кетті.
Кейбірі тыныш қана үйлеріне оралған.
Лондон полициясы ЕУРО-2020 финалы күні жанкүйерлер тобымен болған қақтығыс кезінде 19 қызметкер жараланғанын хабарлады.
Италия мен Англия құрамасы кездескен ЕУРО-2020 финалы жексенбіде Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтті. Ойында Италия командасы пенальти арқылы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Матчтың негізгі және қосымша уақыты 1:1 есебімен аяқталды.