Төбелес салдарынан отырыс тоқтатылды. Митингшілер мәжіліс залында қалды.
Грузия парламенті депутаттарының арасында кикілжің туындап, арты жанжалға ұласты, болған оқиғаны жергілікті телеарналар тікелей эфирден көрсетті деп хабарлайды Paryz.kz, Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Мәжіліс залына оппозиция өкілдері мен митингшілер кіріп келді. Олар жексенбі күннен бері премьер Ираклия Гарибашвилидің отставкасын талап етіп жүрген журналистерді ішке кіргізуді талап етті.
Төбелес салдарынан отырыс тоқтатылды. Митингшілер мәжіліс залында қалды.
Жақында «ТВ Пирвели» арнасы ЛГБТ-ға қарсылық танытқандардың шеруі кезінде жарақат алған оператор Лесо Лашкаравтың қайтыс болғанын хабарлады. Нақты неден қайтыс болғаны айтылмаған, оны жақында экспертиза нәтижесі көрсетеді.
Операторды соққыға жықты делінген төрт адамды полиция қызметкерлері тұтқындаған.
1 шілде бастап Тбилисиде «Абырой апталығы» басталған, ол жерде ЛГБТ-ға қарсылық танытушылар бірнеше іс-шара өткізген. «Абырой апталығының» қорытынды шеруі 5 шілдеге жоспарланған. Олар орталық көшені жауып тастап, бірнеше акция өткізген. Журналистер мен оппозициялық телеарналардың операторларына ағаш пен бөтелке лақтырған. Салдарынан 50 адам зардап шекті. Кейіннен ұйымдастырушылар шеруді тоқтатқан.