Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Коронавирус жоқ" ел халықты вакцина алуға шақырды

Сонымен бірге елде маска режимі және сауда, қызмет көрсету және көлік салаларында бірқатар шектеу енгізілді.

"Коронавирус жоқ" ел халықты вакцина алуға шақырды
фото: ашық дереккөз

Түрікменстанда 18 жастан асқан адамдар COVID-ке қарсы вакцина салдыруға міндеттелді, деп хабарлайды Paryz.kz, РИА Новости-ге сілтеме жасап.

18 жастан асқан адамдар профилактикалық екпеге медициналық қарсы көрсетілімдері болмаса, COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдыруға тиіс. 

Вакцинаның қандай да бір компонентіне аллергиялық реакциясы бар адамдар, жүкті және бала емізетін әйелдер, кәмелетке толмағандар, сондай-ақ, жедел және созылмалы аурулары бар, дене қызуы жоғары адамдар вакциналаудан босатылады.

Түрікменстанда COVID-19-ға қарсы профилактикалық вакциналардың қажетті қоры жасалды, халықты коронавирусқа қарсы вакцинамен қамту жұмыстары жүргізілуде.  

Түрікменстанда бұған дейін бірнеше ай бойы тәуекел тобындағы адамдар мен қарттар коронавирусқа қарсы вакцинаны өз еркімен салдырды.

Ресми мәліметке сәйкес, Түрікменстанда коронавирустың жаңа түрі (яғни Ухань вирусы мен оның мутациялары) тіркелген жоқ. Сонымен бірге елде маска режимі және сауда, қызмет көрсету және көлік салаларында бірқатар шектеу енгізілді. Қазіргі таңда кейбір шектеулер алынып тасталған.