Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Жапонияда толассыз жаңбыр жауып тұр

Бүгін Симанэ солтүстігіндегі Идзумо қаласында 75 мм жуық жауын-шашын түскені атап өтілді.

Жапонияда толассыз жаңбыр жауып тұр
фото: РИА Новости

Жапонияның батысындағы Симанэ префектурасының билігі аймақта толассыз жауып тұрған жаңбырға байланысты көшкін жүру қаупі туындағанын хабарлады. Шамамен 140 мыңға жуық тұрғынды эвакуациялау туралы ұйғарым шығарылған деп хабарлайды Paryz.kz, NHK телеарнасына сілтеме жасап.

Бүгін Симанэ солтүстігіндегі Идзумо қаласында 75 мм жуық жауын-шашын түскені атап өтілді.

Еске сала кетсек, 4 маусым күні Жапонияның орталық бөлігіндегі Атами қаласында көшкін жүруі салдарынан бес адам қаза тауып, тағы 29-ы із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Көшкін ұзақтығы шамамен 2 шақырым жерді құрады, 130-дан астам үй мен құрылысқа шығын келтірілген.