Ауғанстан әскері шабуылға дайындалып жатыр

Айта кетейік, АҚШ Ауғанстаннан әскерін әкете бастағаннан тәліптер шабуылға көшіп, елдің едәуір бөлігін бақылауына алған.

Ауғанстан әскері шабуылға дайындалып жатыр
фото: ашық дереккөз

Ауғанстанның солтүстігіндегі Тахар провинциясында үкімет әскері тәліптерге қарсы шабуылға дайындалып жатыр деп хабарлады Paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Бұл туралы осы аймақ губернаторының ресми өкілі мәлімдеген. Шешім өткен жексенбі күні «Талибан» қозғалысы жасақтарының осы провинция орталығы Талокан қаласына шабуылынан кейін қабылданған. Қазір аймақтың бірнеше ауданы тәліптердің бақылауына көшкен.

Айта кетейік, АҚШ Ауғанстаннан әскерін әкете бастағаннан тәліптер шабуылға көшіп, елдің едәуір бөлігін бақылауына алған.

Менің ойымша, біздің үкімет тәліптерге қарсы тұруға қауқарлы. Бірақ олар кей аудандарды қарулы топтарға ешқандай қарсылықсыз тастап кетіп жатқанын түсінбеймін. Қазір әр ауданда 100-ден астам тәліп бар, - дейді жүргізуші Гулам Наби.