Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Солтүстік Корея азаматтарының вакцина салдыруына кедергі келтіріп жатыр

Билік оларға да көмектесуден бас тартты

Солтүстік Корея азаматтарының вакцина салдыруына кедергі келтіріп жатыр
фото: ашық дереккөз

КХДР билігі елге COVAX халықаралық бағдарламасы аясында тегін коронавирус вакцинасын алуға кедергі келтіруде, деп хабарлайды Stan.kz.

Басылымның мәліметінше, Солтүстік Корея расымен де халқын вакцинасыз қалдырған. Өйткені ел билігі бірнеше ай бойы жеткізілімдегі бюрократиялық мәселелерді шешпеген. Атап айтқанда, билік елге жеткізу логистикасымен айналысатын мамандарды кіргізуден бас тартқан.

Сонымен қатар КХДР AstraZeneca вакцинасының жанама әсерлері туындаған жағдайда жауапкершіліктен бас тарту туралы құжатқа қол қоюға дайын емес.

Бұған қоса Солтүстік Кореяда электр қуатымен байланысты проблемалар бар және дәрі-дәрмектерді сақтаудың қажетті шарттары қарастырылған қоймалар жеткіліксіз. Билік оларға да көмектесуден бас тартты