Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

ЕО елдері Путинді саммитке шақырудан бас тартты

Атап айтқанда, Литва, Латвия және Эстония өкілдері қарсы шықты.

ЕО елдері Путинді саммитке шақырудан бас тартты
фото: ашық дереккөз

ЕО елдерінің өкілдері Ресей президенті Владимир Путинді ЕО елдері басшыларының саммитіне шақыру идеясын қолдамады. Мұндай ұсынысты бұған дейін Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Эммануэль Макрон айтқан болатын деп хабарлайды Paryz.kz, kznews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Кездесуде Мәскеумен одан әрі қарым-қатынас мәселелері қарастырылуы керек еді. Берлин Путиннің АҚШ-тың лидері Джо Байденмен Женевада кездесуі Кремльмен диалогты «жандандыруға» жақсы себеп болады деп сенді.

Алайда, Bloomberg-тің хабарлауынша, он шақты ЕО мүшесі Путинмен кездесу туралы келісім жасаудан бас тартқан еді. Көбісі бұл ұсыныстың өзіне көңілі толмайтынын немесе оны соңғы сәтте қарау үшін ұсынғанын айтты.

Атап айтқанда, Литва, Латвия және Эстония өкілдері қарсы шықты. Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте 2014 жылы Донбасстағы Боингтің құлауына Ресейдің «қатысы» бар екеніне назар аударды, оның салдарынан 192 нидерландық азамат қаза тапты.