Көшедегі бейтаныс аруды сүйіп алған жігіт оңбай соққы алды (ВИДЕО)

Десе де ару сүйген азаматтың әрекетін де, соққы жасаған азаматтың әрекетін де жақтыра қоймағаны бірден байқалады.

Көшедегі бейтаныс аруды сүйіп алған жігіт оңбай соққы алды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Киевте жас жігіт бейтаныс бойжеткенді бетінен сүйгені үшін таяқ жеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Келеңсіз жағдай Киевтің Владимирский спуск көшесіндегі жаяу жүргіншілер мен велосипед тебетіндерге арналған көпірде болған.

Өз желі парақшасына тікелей эфирде қаралым жинауды көздеген жас жігіт көпірдегі бейтаныс аруға жақындап келіп, рұқсатсыз бетінен сүйіп алады. Бойжеткен не болғанын түсіне алмай тұрған сәтінде жақын маңдағы өзге азамат жас жігітке соққы жасап үлгереді. Жас жігіт күтпеген жерден соққы алғаннан кейін видео үзіледі. Соққы жасаған азаматтың бойжеткенге кім болып келетіні әзірге белгісіз. Десе де ару сүйген азаматтың әрекетін де, соққы жасаған азаматтың әрекетін де жақтыра қоймағаны бірден байқалады.