Эбрагим Раиси Иран президенті болып сайланды

Раисидің барлық бәсекелесі қорытынды шықпай тұрып-ақ оның жеңгенін мойындаған еді.

Эбрагим Раиси Иран президенті болып сайланды
фото: AP

Иран Ішкі істер министрі Абдолрахман Фазли дауыс санаудың соңғы қорытындысын жариялады деп хабарлайды Paryz.kz, IRNA сайтына сілтеме жасап. 

Нәтижесінде Эбрагим Раиси 17 миллион 926 мың 345 дауыс жинап, Иран президенті болғанын мәлімдеді.

"Дауыс беру құқығы бар 59 миллион 310 мың 307 сайлаушыдан Президент сайлауына 28 миллион 933 мың 4 адам саяси науқанға қатысты, бұл - 48,8%", - деді ол.

Оның айтуынша, Эбрагим Раиси 17 миллион 926 мың 345 дауыс жинап, Иран президенті болып сайланды.

Айта кетейік, жұма күні Иранда президент сайлауы өтті. Соңғы ресми қорытындыға сәйкес, сайлауда Ирандағы сот билігінің басшысы Эбрахим Раиси 62% дауыс жинаған. Раисидің барлық бәсекелесі қорытынды шықпай тұрып-ақ оның жеңгенін мойындаған еді.