Жер бетіндегі ең бай адам кім?

Дәл қазір француз бизнесменінің байлығы 200 млрд доллардан асады.

Жер бетіндегі ең бай адам кім?
фото: ашық дереккөз

Франциялық бизнесмен Бернард Арно бір айдың ішінде осымен екінші рет жер бетіндегі ең бай адам атанды деп хабарлайды Paryz.kz, Forbes журналына сілтеме жасап.

Байлығы жағынан ол бұл жолы да "Амазон" компаниясының негізін қалаған Джефф Безостан озып кеткен.

Дәл қазір француз бизнесменінің байлығы 200 млрд доллардан асады.

Соңғы екі айдың ішінде ғана Бернард Арно тағы 50 млрд долларға байып үлгерді. Қаңтар айында оның компаниялар тобы әйгілі Tiffany зергерлік фирмасымен келісім жасасқан.

Америкалық компания 3 млрд доллардан сәл асатын сомаға сатып алынды.