Иранда президент сайлауы өтіп жатыр

Хасан Рухани - Иранның қазіргі президенті бұл сайлауда өз-өзінің кандидатурасын ұсынуға құқығы жоқ, өйткені ол екі мерзім қатарынан қызмет атқарады.

Иранда президент сайлауы өтіп жатыр
фото: Reuters

Иранда президенттік сайлауда дауыс беру басталды, деп хабарлайды Paryz.kz, ТАСС-қа сілтеме жасап. 

Агенттіктің хабарлауынша, дауыс беру жұма күні, яғни бүгін жергілікті уақытпен сағат 07.00-де басталды (Нұр-Сұлтан уақытымен 08.30).

Сайлау күні Иранда шамамен 66,8 мың сайлау учаскесі ашылды. Сондай-ақ ирандықтар әлемнің тағы 133 еліндегі 234 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Сайлауға қатысуға құқылы Ислам Республикасы азаматтарының жалпы саны - 52,31 млн.

PressTV хабарлауынша, Иран лидері және рухани көсемі Али Хаменеи президенттік сайлауға қатысып жатыр. Ол өз даусын Тегерандағы Имам Рухолла Хомейни кесенесінде орналасқан сайлау учаскесінде берді.

Хасан Рухани - Иранның қазіргі президенті бұл сайлауда өз-өзінің кандидатурасын ұсынуға құқығы жоқ, өйткені ол екі мерзім қатарынан қызмет атқарады.