Ұлыбритания билігі вакцина алмаған дәрігерлер мен қарттар үйінің қызметкерлері бұдан былай жұмысқа тұра алмайды деген шешім қабылдамақ деп хабарлайды Paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Жаңа талапты елдің Премьер-министрі Борис Джонсон қолдап отыр.
Құжат жақын арада мақұлданбақ.
Айта кетейік, Біріккен Корольдікте екпе егу науқаны бір ізге қойылған. Елдің 80 пайыз тұрғыны препараттың бірінші дозасын қабылдап үлгерді.