Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Солтүстік Корея халқы аштыққа ұшырауы мүмкін

Оның айтуына қарағанда, су тасқыны салдарынан ел ауыр азық-түлік тапшылығына тап болуы мүмкін. 

Солтүстік Корея халқы аштыққа ұшырауы мүмкін
фото: fishki.net

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын елдің жұмысшы партиясының пленарлық мәжілісінде ашаршылық болу мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Paryz.kz, мемлекеттік KCNA жаңалықтар порталына сілтеме жасап.

Оның айтуына қарағанда, су тасқыны салдарынан ел ауыр азық-түлік тапшылығына тап болуы мүмкін. 

"Халықтың азық-түлік жағдайы қазір қатты шиеленісіп отыр, өйткені өткен жылы тайфунның салдарынан аграрлық сектор астық өндіру жоспарын орындай алмады", деді Ким Чен Ын.

Сол себепті Солтүстік Корея басшысы жоғары лауазымды шенеуніктерді проблемадан шығу жолдарын іздеуге шақырды.

Еске сала кетсек, 1990 жылдары алапат аштық мыңдаған солтүстіккореялықтың өмірін жалмаған еді.