Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Байден мен Путиннің сағат нешеде кездесетіні белгілі болды

Байден мен Путиннің кеңейтілген кездесуі Нұр-Сұлтан уақытымен 18.55-те басталады, ал 20.40-та осы кездесудің екінші кезеңі өтеді. 

Байден мен Путиннің сағат нешеде кездесетіні белгілі болды
фото: Коммерсантъ

Ақ үй АҚШ президенті Джо Байденнің Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуі қанша басталатынын айтты деп хабарлайды Paryz.kz, РИА Новости-ге сілтеме жасап.

АҚШ пен Ресей президенттерінің Женевадағы кездесуі 16 маусымда, яғни бүгін  жергілікті уақыт бойынша 13.35-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 17.35-те) басталады деп хабарланды. Кездесу басталардан 10 минут бұрын Байден Путинмен және Швейцария президенті Ги Пармеленмен суретке түседі.

Байден мен Путиннің кеңейтілген кездесуі Нұр-Сұлтан уақытымен 18.55-те басталады, ал 20.40-та осы кездесудің екінші кезеңі өтеді.

Ақ үй мәліметінше, Путинмен кездесуден кейін Байден баспасөз мәслихатын өткізеді.