2003 жылғы сәуірде күдікті жалған құжаттар бойынша Қазақстанның Қазынашылық басқармасына жұмысқа орналасып, онда жарты жыл жұмыс істеген көрінеді. Кейін лауазымы өскен соң, ақшаны жалған шотқа аударып, қашып кеткен.
Ресейлік Светлана Киршова есімді әйел екі серіктесімен бірге Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің шотынан миллион доллар ұрлады деп айыпталып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.
Vesti-omsk.ru басылымының хабарлауынша, ресейлік және қазақстандық БАҚ бұл істі "ең сәтті алаяқтық" деп атаған.
16 жыл халықаралық іздеуде болған Светлана Киршова қазір үй қамауында отырған көрінеді.
Тергеу мәліметтері бойынша, айыпталушы бұрын Омбы көтерме сауда базарында жұмыс істеп, көкөністер мен жемістер сатқан. Дәл сол жерде ол өзінің серіктестерінің бірімен танысады. Содан кейін екеуі танысымен бірге Қазақстанға ақша табу үшін келеді. Қылмыстық топ бір күнде компания құрады. Тіпті қызметкерді жұмысқа алады.
"Жұмысқа алынған үміткерге қойылған басты талап - істі "жүргізіп жатқан" Светлана Киршоваға түр сипатының ұқсас болуы. Барлығы тек бір мақсатта жасалған — "егіздердің" төлқұжат деректері негізінде жалған құжаттар жасау. Содан кейін сотталушы Киршова алты айға жуық уақыт бойы өзін басқа адам ретінде көрсеткен", - делінген хабарламада.
2003 жылғы сәуірде күдікті жалған құжаттар бойынша Қазақстанның Қазынашылық басқармасына жұмысқа орналасып, онда жарты жыл жұмыс істеген көрінеді. Кейін лауазымы өскен соң, ақшаны жалған шотқа аударып, қашып кеткен.
"Бүгінде белгілі болғандай, алты айда кем дегенде 7 қаланы ауыстырып үлгерген. Нұр-Сұлтаннан Бурабайға, одан соң шекарадан өтіп, Омбыға барады. Кейін Новосібір, Владивосток, Липецк, Белгород облыстарындағы ауылдардың бірінде тұрады", - делінген басылымда.
Алаяқ әйел былтыр Белгородта ұсталған.
Киршованың серіктестері де сотталды. Олар жазасын колонияда өтейтін болды.
Светлана Киршоваға қатысты қылмыстық істі қарау жалғасып жатыр, ол кінәсін мойындамаған. Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі өз арызында 23 миллион рубль көлемінде ақша талап етіп отыр.
Бүгінде алаяқ 10 жылға сотталуы мүмкін.