Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

900-ге жуық адамға мерзімі өтіп кеткен вакцина салынған

Оның айтуынша, вакцина мұздатқышта белгіленген уақыттан ұзақ сақталған. 

900-ге жуық адамға мерзімі өтіп кеткен вакцина салынған
фото: ашық дереккөз

АҚШ-тағы Нью-Йорк қаласының жүздеген тұрғынына Pfizer және BioNTech компаниялары жасап шығарған, бірақ мерзімі өтіп кеткен коронавирустық вакцина егілді деп хабарлайды Paryz.kz

New York Post сайтының хабарлауынша, Таймс-сквердегі егу пунктінің операторы Дэвид Савицкий 899 адамға жарамсыз препараттың салынғаны туралы хабарлама жіберген.

Оның айтуынша, вакцина мұздатқышта белгіленген уақыттан ұзақ сақталған. Савицкий мұндай вакцинацияның жағымсыз салдары болмайды деген пікірде. Ол мерзімі өткен препаратты қабылдаған Нью-Йорк тұрғындарына қайтадан жарамды вакцина қабылдауға кеңес берді.

Бұған дейін америкалық Johnson & Johnson компаниясы шығарған Janssen коронавирустық вакцинасының шамамен 70 миллион дозасының мерзімі өтіп кеткені жарияланған еді.

Бұл екпенің сапасын АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы тексерген болатын.