Алайда пандемия кезінде зауыт жабылып, Хабан блогерлікке бет бұрады. Алғашында итальян тілінде қысқа әзілдер жариялап жүрген азаматты ешкім байқай қоймаған.
Bigpicture.ru сайты TikTok-та ерекше танымалдыққа ие болған жігіт туралы бірқатар қызықты дерек жариялады деп хабарлайды Paryz.kz.
Жұмыссыз эмигрант Хабан Лейм TikTok-та танымал болғанға дейін ішерге ас таппаған күндерді де басынан кешіргенін айтады. Бүгінде ол TikTok-тағы ең танымал бес блогердің бірі атанып отыр.
21 жастағы Хабан - шығу тегі сенегалдық Италия азаматы. Айналдырған бірнеше айдың ішінде Khaby Lame лақап атымен TikTok-та таныла бастаған жігіттің бүгінде 67 миллионнан астам жазылушысы бар. Бір қызығы, жас жігіт әнші де, биші де емес. Ол жай ғана үнсіз кейіппен өзгелердің лайфхакын сынайтын видео арқылы танымалдыққа ие болған.
NUR.KZ порталының жауынша, The New York Times журналистері блогердің үйіне қонаққа барып, ол жайлы бірқатар қызық ақпаратты жария еткен.
Хабан Сенегалда дүниеге келген. Бір жасында отбасымен Италияның Турин қаласына көшіп келген азамат 20 жыл бойы елдің азаматтығын ала алмай келген екен. Мектептен кейін ақылы оқуға қаражаты жетпеген жігіт зауытта жұмыскер болады. Алайда пандемия кезінде зауыт жабылып, Хабан блогерлікке бет бұрады. Алғашында итальян тілінде қысқа әзілдер жариялап жүрген азаматты ешкім байқай қоймаған. Десе де еңсесін түсірмеген жас жігіт ақыры жаңа видеоларымен қаңтар айында жұрт назарына іліге бастайды.
Сәуірде жазылушылар саны 10 миллионға жеткен жігіт бүгінде әлем жұлдыздарынан кем түспейтін танымалдыққа ие. Блогерді әлемдік брендтер өз жарнамасына тартуға тырысуда. Оған АҚШ елінен азаматтық беру туралы бірқатар ұсыныс та келіп түскен екен. Бүгінде жас жігіт тезірек азаматтық алу үшін барын салып жүргенін жасырмайды.