Садыр Жапаров облыстық сот төрағасының масқарасын шығарды (ВИДЕО)

"Ол күн сайын жұмысқа осылай мас күйінде келеді екен. Заңдарды алтын әріптермен жазсақ та, судьялар өзгермейінше, біздің реформа нәтиже бермейді" деді Садыр Жапаров.
 

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров сот және құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі кеңестің бірінші отырысын өткізді деп хабарлайды Paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қырғыз басшысы жиын алдында видео қостырды. Видеода мас адам кеңсесінің есігін аша алмай әбден әуреге түседі.

"Таныдыңыз ба? Кім екенін білесіз бе?" деп сұрады Садыр Жапаров жанында отырған Жоғарғы соттың төрағасы Нұргүл Бәкіровадан.

"Шу облыстық сотының басшысына ұқсайды" деп жауап берді ол.

"Дөп түстіңіз!"

Садыр Жапаров Шу облыстық сотының төрағасы Дамирбек Оңолбековке қатысты шара қолдануды тапсырды.

"Ол күн сайын жұмысқа осылай мас күйінде келеді екен. Заңдарды алтын әріптермен жазсақ та, судьялар өзгермейінше, біздің реформа нәтиже бермейді" деді Садыр Жапаров.