Майамидегі Hard Rock Stadium стадионында өткен жекпе-жек толық сегіз раунд өтті.
Бес салмақта бұрынғы әлем чемпионы - америкалық Флойд Мейвезер бокстан блогер Логан Полды жеңе алмады деп хабарлайды Paryz.kz, Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Майамидегі Hard Rock Stadium стадионында өткен жекпе-жек толық сегіз раунд өтті. Мейвезер жақсы жұдырықтасты, дегенмен, қарсыласын жеңе алмады. Бұл жекпе-жек боксшылардың кәсіпқой рекордына жазылмайды.
Жекпе-жегі үшін Мейвезердің кепіл ақысы он миллион доллар болды. Сонымен қатар, ол сатылымының 50 пайызын алады. Полға келетін болсақ, оның кепілдендірілген ақысы - 250 мың доллар, сонымен қатар ол ақылы эфир сатылымынан он пайызын алады.