YouTube - видеохостинг қызметтерін ұсынатын сервис.
Бірнеше елде YouTube тәулігіне екінші рет жұмыс істемей қалды. Мұны танымал интернет-ресурстардың өшіп қалуы мен ондағы ақауларды қадағалайтын Downdetector мәлімдеді, деп хабарлады Tengrinews.kz.
Портал мәліметтеріне сәйкес, шағымдардың көпбі АҚШ-та тіркелген. Техникалық ақаулар Ұлыбритания, Канада, Бразилия және Қазақстанды қоса алғанда, басқа елдерде де байқалады.
Қызметті қолданушылардың көбі видео көру қиындағанына шағымданып жатыр.
YouTube - видеохостинг қызметтерін ұсынатын сервис. Қолданушылар белгілі бір видеоны жүктей алады, көре және пікір жаза алады.