Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Реалдың" бас бапкері командадан кететінін мәлімдеді

Зидан "Реал Мадридті" 2019 жылдың наурызынан бастап жаттықтырып келеді.

"Реалдың" бас бапкері командадан кететінін мәлімдеді
Фото: ашық дереккөз

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан ойыншыларға маусымның соңында командадан кететінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Goal мәліметінше, француз маманы бұл шешімін "Севильяға" қарсы матч (2:2) алдында жариялаған.

Бірқатар ақпарат көзіне сүйенсек, 48 жастағы маман психологиялық және физикалық күйзелістен шаршаған. Ол клубтың чемпион болған-болмағанына қарамастан командадан кеткісі келеді.

Зидан "Реал Мадридті" 2019 жылдың наурызынан бастап жаттықтырып келеді. Оның басшылығымен мадридтік клуб өткен маусымда Испания чемпионы атанған.

36 матчта 78 ұпай жинаған мадридтік клуб Испания чемпионатының турнир кестесінде екінші орында тұр. "Атлетико Мадрид" 80 ұпаймен көш бастап келеді.