Сондай-ақ, ұсталған ер адам оны ешкім қылмыс жасауға итермелемегенін айтқан.
Желіде Қазандағы мектепте атыс шығарды деген күдікпен ұсталған 19 жастағы студент Ильназ Галявиевтен жауап алу сәтінің кадрлары пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
NEXTA Live Телеграм-арнасында күдіктіден жауап алынған сәттің видеосы пайда болды.
"Мен құдай екенімді бірден түсінбедім, тек екі ай бұрын. Ал жазда менің бойымда құбыжық ояна бастады. Бәрін жек көретінмін. Бәрін жек көрдім және ол сезім күйшейе бастады. Менде қандай да бір психикалық ауытқу бар деп айтуышы болмаңдар", - дейді Ильназ Галявиев.
Сондай-ақ, ұсталған ер адам оны ешкім қылмыс жасауға итермелемегенін айтқан.
"Маған ешкім бұйрық берген жоқ. Мен екі ай бұрын құдай екенімді түсіндім. Оны алғаш рет анама айттым. Менің анам жоқ, оны сіз деп атаймын. Ол менің анам емес. Менің ата-анам жоқ. Мен бәріңді жек көремін. Анам жоқ, мен бәрінен бас тартқанмын. Мені дүниеге әкелген әйел ана емес. Анам да, әкем де жоқ, мен оларды ешқашан олай атаған емеспін"
Айта кетейік, Татарстан астанасында белгісіз біреулер Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда атыс шығарып, балалар зардап шекені хабарланған болатын.
Бұған дейін URD_news Telegram-арнасы ықтимал күдікті Ильназ Галявиевтің суретін жариялаған еді. Telegram-арнасының болжамы бойынша, күдікті парақшасында қоқаң-лоққы сипатындағы жазба жариялаған.