Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-де болды.
Қытайда белгісіз ер адам балабақшаға баса-көктеп кіріп, 18 адамды жарақаттады, деп хабарлады РИА Новости Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасап.
Белгісіз біреу Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Бэйлю қаласында балалар білім мекемесіндегі адамдарға тап берген, 16 бала мен екі тәрбиеші жарақат алды, екі баланың жағдайы ауыр.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-де болды.
Полиция күдіктіні ұстады, қылмысқа не түрткі болғаны және оның немен қаруланғаны жайлы хабарланбады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, Қытайда бұған дейін де осындай оқиға болды. 2020 жылдың маусым айында пышақ ұстаған адам Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы балабақшаға басып кіріп, 40 адамды жарақаттады.