Apple компаниясы кезекті құрылғынын таныстырылымын өткізбек

Таныстырылым кезінде Apple бірқатар жаңа әзірлеме көрсетуі мүмкін.

Apple компаниясы кезекті құрылғынын таныстырылымын өткізбек
Фото: ашық дереккөз

Америкалық Apple компаниясы 20 сәуірде таныстырылым өткізетінін растады, онда iPad-тың жаңа моделі және басқа да жаңалықтар ұсынылуы мүмкін. Бұл турары корпорация сайтында жазылған, деп хабарлады Paryz.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Apple сайтындағы оқиғалар бөлімінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20 сәуірде сағат 23.00-ге жоспарланған іс-шара пайда болды.

Бұған дейін Sky News агенттігі Siri "Apple-дің келесі іс-шарасы қашан болады?" деген сұраққа биыл 20 сәуірде деп жауап бергенін хабарлаған болатын. Таныстырылым кезінде Apple бірқатар жаңа әзірлеме көрсетуі мүмкін. Оның ішінде жаңа iPad Pro болуы тиіс, себебі бұқаралық ақпарат құралдары оны сәуірдің ортасында ұсынылатынын хабарлаған.

Apple 1976 жылы құрылған, ол жеке және планшет компьютерлер, аудио ойнатқыштар, телефон, смарт-сағат және бағдарламалық жасақтама шығарады.