Бір отбасынан 6 адам оққа ұшқан

Жігіттердің бірі хат жазып қалдырғаны айтылған. Бірақ онда не жазылғаны жария етілген жоқ...

Бір отбасынан 6 адам оққа ұшқан
фото: дереккөз

АҚШ-тың Техас штатына қарасты Аллен қаласында ерлі-зайыпты, олардың 3 ересек баласы және әжесінің денесі өз үйлерінен табылған, деп хабарлады paryz.kz, Fox News-ке сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша, екі бауыр туыстарын өлтіріп, сосын өз-өздеріне қол жұмсаған. Жігіттердің бірі хат жазып қалдырғаны айтылған. Бірақ онда не жазылғаны жария етілген жоқ. Телеарна мәліметінше, олар Бангладештен келген.