Салтанатты шеруді ежелгі мысыр киімін киген салт аттылар бастап жүрді. Оларды музей алдында ел президенті Ас-Сисидің өзі күтіп алды.
Египетте 22 перғауынның мумиясын жаңа музейге тасымалдау рәсімі болды. Рәсім бар сән-салтанатымен өтті, деп хабарлады paryz.kz.
Ежелгі билеушілердің бальзамдалған денелері жуырда ғана құрылысы аяқталған Ұлттық музейге жеткізілді. Салтанатты шеруді ежелгі мысыр киімін киген салт аттылар бастап жүрді. Оларды музей алдында ел президенті Ас-Сисидің өзі күтіп алды.
Айта кетейік, аталған экспонаттар көпшілік назарына сәуірдің 18-інде ұсынылады. Бұл ретте билік өкілдері Египет өркениетіне арналған жаңа нысан туризм саласын жандандыруға септігін тигізеді деп үміттенеді.