"Cау болсаңыз келіңіз": Өзбекстанда тойға шақыру билеттеріне ерекше өзгерістер енгізілді

Елде бүгінге дейін 82 мың 869 адамнан коронавирус табылып, 600-ден астам тұрғын қайтыс болған.

 

"Cау болсаңыз келіңіз": Өзбекстанда тойға шақыру билеттеріне ерекше өзгерістер енгізілді
Дереккөз: Tengrinews.kz

Өзбекстанда тойға енді тек науқастанбаған адамдар ғана бара алатын болды. Елдегі республикалық комиссия тұрғындарды тойға шақыру билеттеріне «Сау болсаңыз ғана келіңіз» деген жазбаны жазуға міндеттеді, деп хабарлады paryz.kz altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Өзбекстанда бүгінде отбасылық мейрам, той-жиындар мен жерлеу рәсімдеріне тек 100 адам ғана келе алады екен. Ал, концерт, театрға барған адамдардан міндетті түрде бетперде кию талап етіледі. Сондай-ақ оған келушілердің саны залдағы орындардың 50 пайызынан аспауы тиіс екен. Ал шақыру билетіне «Сау болсаңыз ғана келіңіз» деп жазу міндеттелді.

Айта кетерлігі қазіргі таңда Өзбекстанда эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Елде бүгінге дейін 82 мың 869 адамнан коронавирус табылып, 600-ден астам тұрғын қайтыс болған.