Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Биыл Сирияға 6,4 млрд доллар гуманитарлық көмек көрсетіледі

"Оның ішінде биыл 4,4 миллиард доллар грант түрінде, ал 2022 жылы 2 миллиард бөлінеді", - деді Дағдарысты басқару жөніндегі еуропалық комиссар.

Биыл Сирияға 6,4 млрд доллар гуманитарлық көмек көрсетіледі
фото: дереккөз

Халықаралық донорлар Сирияға 6,4 миллиард доллар гуманитарлық көмек көрсетпек, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Қаражат Сириядағы халықтың ең осал топтары мен Түркия, Ливан және Иорданиядағы босқындарды қолдауға бағытталады. Бүгінде араб республикасы мен аймақтағы елдерде шамамен 24 миллион адам көмекке мұқтаж. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 4 миллионға өскен.

"Халықаралық донорлар тарапынан Сирияға бөлген гуманитарлық көмектің жалпы сомасы 6,4 миллиард АҚШ доллар болды. Оның ішінде биыл 4,4 миллиард доллар грант түрінде, ал 2022 жылы 2 миллиард бөлінеді. Сонымен қатар халықаралық қаржы институттары 7 млрд доллар мөлшерінде жеңілдетілген несиелер туралы жариялады", - деді Дағдарысты басқару жөніндегі еуропалық комиссар Янез Ленарчич.