Карантин: қала тұрғыны пәтерінде үш қоңыр қаз асырап отыр (ВИДЕО)

Қазір күніне бірнеше сағат серуендетіп, жуындырып тұрады екен...

Қала тұрғыны пәтерінде қаз бағып, серуенге шығарады. Ол құстарына бағдаршамның жасыл түсіне жолдан өтуді үйретіп жүр, деп хабарлады paryz.kz, sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Нақты айтқанда, Ресейдің Челябинск қаласының тұрғыны Антон Машуков пәтерінде қаз ұстайды. Құстардың бөлек бөлмесі бар. Мұндай ерекше идея оған пандемия кезінде келіпті. Қазір күніне бірнеше сағат серуендетіп, жуындырып тұрады екен.

Қаздарын Яша, Маша және Даша деп атаған. Видеодан екі қазды көруге болады. Өйткені Маша жұмыртқа басып жатыр.