"Басында пір тұтып келдім...". Костя Цзюдің ұлы Головкинмен жұдырықтаспақ

"Оның жасы келіп те қалды, бірақ, кім біледі..." - деп күмілжіді Тим Цзю.

"Басында пір тұтып келдім...". Костя Цзюдің ұлы Головкинмен жұдырықтаспақ
фото: RingNews24

Бірінші орта салмақтағы австарлиялық проспект Тим Цзю (17-0, 13 КО) орта салмақта IBF және IBO чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізуді армандайды, деп хабарлады paryz.kz, Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Мен Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуды армандаймын. Кейінгі 5-6 жылда оған ұқсағым келді. Басында пір тұтып келдім, одан кейін өзіме былай дедім: "Білесіңдер ме, мен онымен айқасар едім". Оның жасы келіп те қалды, бірақ, кім біледі... Мына коронавируспен жағдай бар. Біз Австралияда мықты шоулар өткіземіз, сондықтан кім білсін..." - деді Цзю.