Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Ресей заңы Путинді тағы да президенттікке сайлана алатын етіп өзгертілді

Заң бойынша мемлекет басшысы екі мерзімнен кейін билікке таласа алмайды.

Ресей заңы Путинді тағы да президенттікке сайлана алатын етіп өзгертілді
фото: РИА Новости

Владимир Путин Ресей президенттігіне тағы да үміткер бола алады, деп хабарлады paryz.kz.

Оған мұндай мүмкіндік беретін заң жобасын елдің Мемлекеттік думасы үшінші оқылымда мақұлдады. Онда Владимир Путиннің бұған дейінгі президенттік мерзімі жойылып, оның қайтадан екі рет сайлануына жол ашылды.

Ресей президенті атануға жасы 35-тен асқан, осы елде 25 жылдан бері тұратын және өзге ел азаматтығында болмаған ресейліктер таласа алады. Заң бойынша мемлекет басшысы екі мерзімнен кейін билікке таласа алмайды.